Балабақша меңгерушісі  Суттибаева Асем Тулендебайқызы  Алматы облысы, Гвардия ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келген. Жасынан зерек, білімге құмар қыз болып өседі. 1983 жылы Гвардия ауданы, Қоғалы ауылының орта мектебін ерекше үлгідегі аттестатпен тәмамдайды.

1993 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының мектепке дейінгі педагогика мен психология мамандығын 1998 жылы жақсы деген бағамен бітіреді.

1998 жылы Алматы қаласының Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде психолог мамандығы бойынша жұмыс істейді.

2008 жылы жұмыс бабымен Қапшағай қаласына қоныс аударады. Өзінің бала тәрбиелеуге деген орасан зор қабілетін байқайды. Сөйтіп, Қапшағай қаласынағы «Балдәурен» балабақшасына тәрбиеші болып қызметке орналасады. Қызметте бала тәрбиелеуде ерекше тәрбие үлгісін, өзгеше тәрбие әдістерін көрсетеді. Бұл балабақшадан кейін «Искорка» балабақшасында әдіскер болып жұмыс істейді.осы уақытта Асем Тулендебайқызын Қапшағай қаласының білім бөліміне қызметке шақырады. Әдіскер қызметінен ауысып, бас маман ретіде жұмысын жалғастырады. Қазіргі кезде, яғни 2019 жылдан бастап жекеменшік «Малыш» балабақшасының меңгерушісі сонымен қатар «Қазақстандық Үздіксіз білім беру Қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, Алматы облысы Қапшағай қаласы бойынша осы бірлестіктің төрайымы қызметін атқарады.

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз